Қазіргі педагогикалық университеттегі педагогтік инжиниринг оның өмірлік белсенділігінің маңызды процесі болып табылады. Оның мақсаты оқу процесстері мен технологияларын дамыту, жаңғырту және ұтымды ету. Мақала авторы мұндай жұмыстың маңыздылығы туралы ұстанымын негіздейді, өйткені оқу процесінің тиімділігі, сапасы және студенттерді кәсіби іс-әрекетке дайындау процесінің табыстылығы қолданылатын оқыту технологияларына байланысты. Сондай-ақ автор мамандықтың теориялық пәндерін оқытуды мектеп пәніндегі орнын көрсетумен қатар, оларды оқытудың әдістемелік аспектілерін кӛрсетумен жұптастыру керек деген ойды да ашып көрсетеді. Тәжірибеге бағытталған оқытуға мұндай назар аудару қазіргі заманның педагогикалық инжинирингті сипаттайды және ППУ дамыту стратегиясының бағыттары мен мақсаттарымен сәйкес келеді. Автор сабақтарды оқытудың заманауи формаларын іздеумен біріктіру мүмкіндігін көрсетуді мақсат етеді. Сол мақсатта автор филолог-студенттер құрастырған орыс тілінен жұмыс дәптерлерін мысалға ала отырып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының зерттелетін теориялық материалмен өзара байланысын, оны нақты әдістемелік мәселелермен байланыстыру жолдарын кӛрсетеді. Осылайша, бұл мақала педагогтік инжиниринг идеяларың дамытуға белгілі бір үлес қосады. Орыс тілі пәні бойынша жұмыс дәптерін дайындау бойынша жұмысын сипаттаумен бірге соңғы нәтижені көрсету осы мақаланың практикалық маңыздылығын анықтайды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНЖИНИРИНГТІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПІ РЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒДАРЛАНУ (ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІН ӘЗІРЛЕУ МЫСАЛЫНДА)
Жарияланған November 2023
58
62
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
тәжірибеге бағытталған
педагогтік инжиниринг
әдістеме
жұмыс формасы
жұмыс дәптері
өзара әрекеттесу
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Суюнова, Г. 2023. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНЖИНИРИНГТІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПІ РЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒДАРЛАНУ (ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІН ӘЗІРЛЕУ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 85, 3 (Лис 2023), 96–110. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.85.3.013.