Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

INSTAGRAM ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ ҚАЗАҚСТАН МЕДИАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУДЕ?

Жарияланған June 2023

117

174

Аңдатпа

Қазіргі медиа кеңістік коммуникативті кеңістікке қатысушылардың қарым-қатынасының сипатын өзгерте отырып, қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік желілер ортақ медиа кеңістіктің ажырамас бөлігіне, қоғамдық сананың экспрессорына, сондай-ақ адамның қоршаған шындықты игеруінің өзіндік тәсіліне айналды. Әлеуметтік медианың қарқынды дамуы және олардың қоғам өміріндегі маңызы әлеуметтік желіні жан-жақты зерттеуді қажет ететін құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медиа – БАҚ пен медиа компаниялардың стратегиялық жақтан ажырмас бөлігі. Дегенмен сол әлеуметтік медиаға қарасты әлеуметтік желілердің ресми сайттарда орналасуы мен аудиториясына байланысты бірнеше ерекшеліктерді ескеру қажет. Әлеуметтік желілер он жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, осы салада дамыту технологиялары жеткілікті зерттелмеген. Әлеуметтік желіде серпінді, үнемі жаңа трендтер мен дамыту әдістері пайда болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Гиниятова, А. і Әлжан, А. 2023. INSTAGRAM ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІ ҚАЗАҚСТАН МЕДИАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТУДЕ?. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 83, 1 (Чер 2023), 97–103. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7804.2023.14.1.002.