Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ САХНАЛЫҚ ТІЛ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ

Жарияланған June 2023

72

65

Аңдатпа

Сахна тілі мектебінің негізгі салалары өз алдына жеке-жеке зерттейтін ғылым саласы. Ал осы мақаланың басты ерекшелігі, жаңалығы – көркемсөз оқу шеберлерінің сахналық тіл айқындылығының негізі – дикция, дем, дауыс, орфоэпия мәселелері көтеріліп, көркем мәтіндегі сахналық тілдің даму үдерістері талқыланып, ғылыми негізде дәлелдермен пайымдап, көркемсөз өнерін өркендету жолындағы ғылыми жұмыстарға тереңірек тоқталып, толыққанды сараптама жүргізу.

Біздің мақсатымыз – кәсіби маман-педагогтар салған шығармашылық сара жолды заманауи үлгіде одан әрі дамыту, жетілдіру болмақ. Бұл мақала бүгінгі егемен еліміздің өмірінде жүріп жатқан мәдени, әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланысты. Үнемі даму мен жаңару үстіндегі қоғам, өнердің әр алуан салаларын зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді алға шығарады. Бүгінгі таңда қазақ сахна тілі мектебіндегі көркемсөз шеберлігінің қалыптасуы мен дамуы – ғылыми тұрғыда жүйеленіп, зерттеліп, саралауды қажетсінеді. Демек, сахна тілі саласындағы көркемсөзді оқуды жетік меңгеру жолының техникасын, идеясымен бірге, теориялық-практикалық зерттеу жұмысын биік дәрежеге жеткізу бұл мақаланың өзектілігі деп білеміз. Қазақ сөз өнерінің тарихын зерттеп, оның жай- күйіне сын-пікір айтып, ғылым тілінде оған зерттеу жұмысын жүргізетін кәсіби сала – сахна тілі мектебі. Соның ішінде көркемсөз өнері – бүгінгі күнде күрделі әрі сан салалы өнердің түрі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сәт, Ғ. 2023. КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ САХНАЛЫҚ ТІЛ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 83, 1 (Чер 2023), 38–46. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7804.2023.14.1.013.