Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

“СЫҢСУ” ҒҰРПЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ

Жарияланды December 2023

255

250

М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Олжас Жолдыбаев

2-курс докторанты

Анкара Хаджы Байрам Вели университеті
Аннотация

Мақалада жаһандану процесінің тез жүзеге асуына байланысты “Сыңсу” ғұрпының трансформациялануы, өзгеріске ұшырауы анықталды. Ғылыми зерттеудің мақсаты – ұзатылған қыздың отбасы, бауырлары, ел-жұрты, ағайын-туысымен қоштасуын талдау. Сондай-ақ, негізгі бағыттары мен идеялары ретінде – қыздың ішкі жан тебіренісі, сезімі, көңіл-күйін саралау. Зерттеу әдістемесі ретінде поэтикалық паралелизм қолданылды. Сонымен бірге типологиялық ұқсастықтар мен айырмашылықтар қысқаша сипатталды. Ғылыми мақаланың негізгі нәтижелеріне әлеуметтік желі, ғаламтордың дамуы негізгі себеп болып қарастырылды. ХІХ-ХХ ғасырдағы “Сыңсу” өлеңдерімен бүгінгі қоғамдық санадағы көрінісіне талдаулар жасалды. Бұрын ұзатылған қыз өз сыңсуын өзі орындаған. Ал қазіргі таңда “Сыңсу” айтушы арнайы “асаба” немесе “той жүргізушісі” пайда болған. Бұл – ХХІ ғасырдағы “Сыңсу” ғұрпының трансформациялануының айқын дәлелі. Зерттеу барысында аталған ой-пікірлер әдебибет, фольклор, этнографиялық тұрғыда, аналитикалық бағытта талқыланып, сараланып, қорытындыланады.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Жолдыбаев, О. і Туна, Ю. 2023. “СЫҢСУ” ҒҰРПЫНЫҢ БҮГІНГІ КӨРІНІСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 86, 4 (Груд 2023), 40–46. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.86.4.004.