Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

СӨЗ ФОРМАСЫНЫҢ СЫЗЫҚТЫҚ-СИНТАГМАТИКАЛЫҚ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІНУ ДӘРЕЖЕСІНЕ ӘСЕРІ

Жарияланған December 2023

143

61

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Дариға Толуспаева

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, г.ғ.м., аға оқытушы

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ғалия Саржанова

PhD., академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Шет тілдер факультетінің шет тілдерін даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Аңдатпа

Ғылыми мақала ағылшын және қазақ тілдерінің морфологиясы мен синтаксисін салыстырмалы талдау тұрғысында сөз формасының сызықтық-синтагматикалық түрін және оның бөліну дәрежесіне әсерін зерттеуге арналған. Мақалада екі тілдегі сөз формаларының морфологиялық және синтаксистік белгілерінің арақатынасын анықтауға бағытталған кешенді зерттеудің нәтижелері берілген. Бұл зерттеудің өзектілігі тілдік құрылымдарды салыстырмалы талдауға деген ғылыми қызығушылықпен ғана емес, оның оқыту мен аудармадағы практикалық маңыздылығымен де байланысты. Сөз формасының сызықтық-синтагматикалық түрін зерттеу лингвистер мен аудармашыларға тілдің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге көмектеседі, бұл өз кезегінде аударма мен тіл үйрену процесін жеңілдетеді. Зерттеудің мақсаты – ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз формаларының ажырау дәрежесіне сызықтық-синтагматикалық құрылымның әсерін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды: сөз формаларының сызықтық және синтагматикалық ерекшеліктерін талдау, ағылшын және қазақ тілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, морфология мен синтаксистің сөз формаларының ажырау дәрежесіне әсерін анықтау. Зерттеу екі тілдің мәтіндік корпусы мен лингвистикалық ресурстарын қоса алғанда, кең лингвистикалық материалға негізделген. Әдістеме морфологиялық және синтаксистік құрылымдарды салыстырмалы талдауды, сондай-ақ қорытындыларды растау үшін корпус деректерін пайдалануды қамтиды. Бұл жұмыстың ғылыми жаңалығы – ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз формаларының ажырау дәрежесіне сызықтық-ситагмалық құрылымның әсерін анықтауда. Тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар, сондай-ақ олардың оқыту мен аудармадағы практикалық салдары талқыланады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Толуспаева, Д. і Саржанова, Ғ. 2023. СӨЗ ФОРМАСЫНЫҢ СЫЗЫҚТЫҚ-СИНТАГМАТИКАЛЫҚ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІНУ ДӘРЕЖЕСІНЕ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 86, 4 (Груд 2023), 5–16. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.86.4.001.