Мақала пандемия кезіндегі Қазақстанның теле-радио тілінде орын алған өзгерістер, тілдегі жаңа қолданыстар, олардың жиілігі және тіл ұстанушы санасына тигізген әсерін анықтауға арналған және ИРН АР14870178 (Мемлекеттік тіркелу номері 0122РК00597) «Қазақ қоғамының тілдік контенті: өзгерістер мен жаңарулар (пандемия кезі; 2020-2022 жж.)» тақырыбындағы ғылыми жоба шеңберінде жазылды. Жазбаша мәтінмен салыстырғанда аудио-визуалды құралдарға негізделген электронды БАҚ тіліндегі сөзжұмсамның стильдік ерекшеліктерін, қоғамдағы өзгерістердің ғаламтордағы көрінісін, оның теле-радио дискурста метафора түрінде бейнеленуін зерделеп, соңғы жылдары аса өзекті болған мәселелердің себептерін анықтаудың маңызы зор. Халықтың мәдени өмірінде бұрын да белгілі дәрежеде орын алып келген радио мен теледидардың пандемия кезінде рөлі тіпті күшейгені мәлім. Сыртқы дүниеден қол үзгендей «жабық күйге түскен» көпшіліктің ақпарат алатын негізгі ресми дереккөзіне айналған радио мен теледидар арқылы таралған кез келген ақпарат, онда аталатын жаңа ұғымдар, терминдер күн сайын қайталана отырып, тілдік санада берік орнықты. Сөйтіп ковидке, карантин режіміне қатысты пайда болған жаңа атаулар пандемия кезеңіндегі тіл қолданысын сипаттайтын ерекше тілдік бірліктер ретінде сөздік қорымыздан орын алды. Осымен байланысты, пандемия кезеңіндегі теле-радио дискурста пайда болып, қалыптасқан метафоралардың электронды БАҚ-тағы репрезентациясын прагмалингвистикалық аспектіде қарастыру қажеттілігі туындайды.
ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ТЕЛЕ-РАДИО ДИСКУРСЫ: МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Жарияланған November 2023
72
60
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
медиамәтін
теле
радио тілі
электронды БАҚ
теле-радиодискурс
ассоциация
пандемия
прагматика
медиасөзжұмсам
медиадискурс
тілдік метафора
репрезентация
стильдік өзгеріс
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Есенова , Қ. 2023. ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ТЕЛЕ-РАДИО ДИСКУРСЫ: МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТІЛДІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 85, 3 (Лис 2023), 19–26. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.85.3.003.