Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды June 2023

173

168

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы, Қазақстан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы, Қазақстан
Аннотация

Мақалада өлшем бірлігінің қалыптасуы, оның қолданыстық сипаты, өлшем атауларының семантикалық топтары қарастырылады. Ғаламның тілдік бейнесін құраушы бір бөлшегі – өлшем атаулары – жалпы адамзаттық ұғымға негізделген әрі ұлттық түсінік ретінде көрініс табатын құбылыс. Кез келген нәрсенің белгілі бір көлемде өзіндік өлшемі бар. Яғни, өлшемсіз дүниенің болуы мүмкін емес. Өлшем атаулары қоғам дамуының нәтижесінде қалыптасып, дамып отырады. Мақалада кеңістікті, арақашықтықты, көлемді, ұзындықты, тереңдікті өлшейтін өлшем атауларының халық өмірімен тығыз байланыстылығы, сондай-ақ адамзат баласы ертеден-ақ қандай да бір мөлшерді болжап, бағамдауда алдымен өлшем жөнінде ұғым-түсініктерін қалыптастырғандығы, түйсік арқылы арақашықтықты, көлемді, тереңдікті шамалап өлшеп отырғандығы қамтылған. Қазақ және француз тілдеріндегі «өлшем» ұғымы философиялық категориялардың бір бөлігі ретінде және тілдік категория ретінде зерттеледі.

Кілт сөздер: өлшем, өлшем атаулары, ұзындық өлшемдері, қашықтық өлшемдері, көлем өлшемдері, салмақ өлшемдері, қазақ және француз тілі.

pdf
Тілі

Қазақ

Кілттік сөздер
Как цитировать

[1]
Мәмбетова М.Қ і Калбирова Т.Н 2023. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 81 (Чер 2023), 63–70. DOI:https://doi.org/10.51889/2853.2022.87.13.007.