Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «КӨЗ, КӨРУ» АТАЛЫМДАРЫН КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Жарияланды June 2021

261

256

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б. Қасым

ф.ғ.д.,профессор

Аннотация

Қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді алып қарасақ, олардың барлығы да белгілі бір тілдік жүйеде қызмет атқарады. Алайда тілдік бірліктердің өзара арақатынасынан және күрделі құрылымнан тұратындығы анық. Сондықтан сөз мағынасы, семантикасы, тілдік қолданыста прагматикалық белгілі мақсатқа қарай өзгеріске түсіп, қызмет атқарады. Семантика-когниивті модель – тілде шындық болмысты бейнелеп, лексикалық бірліктер ортақ семантикалық компонент негізінде әр түрлі жүйелі семантикалық қатынастармен (фреймдік құрылым, синонимиялық катар) және өріс өзегімен (ядро) байланысып жатқан сөздер тобы. Сөздер ортақ семантикалық белгіге ие болып, лексика-семантикалық парадигма құрайды. Семантикалық өріс лексикалық-семантикалық топтарға қарағанда неғұрлым кең тектік (гипонимия) ұғымдарды топтастырады. Сонымен тіліндегі «көз, көру» аталымдарынғы менталды тілдік бірлік, когнитивті модель тұрғысынан және семантикалық-когнитивті құрылымын зерделеу, дамуы туыстас түркі тілдерімен ұқсас жақтарын салыстыра зерттеуге негіз болары бүгінгі таңда өзекті мәселе. «Көз, көру» аталымдарын тілдік бірлік ретінде теориялық аспектіде зерделеуге арналған еңбектерге жасалған шолу қазіргі ғылыми парадигмада осы тілдік бірліктерді қарастырудың қажеттілігін білдіреді. Барлық түркі тілдерінде көру етістігінің қолданыс аясы мен семантикалық өрісі кең.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Қасым, Б. 2021. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «КӨЗ, КӨРУ» АТАЛЫМДАРЫН КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 84–99. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.15.