Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАТЫСЫМДЫҚ БІРЛІК НЕГІЗІ – ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРАЛЫМ

Жарияланды June 2021

315

310

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ф. Оразбаева

п.ғ. д., профессор

Аннотация

Бұл мақалада тілдік қатынастың басты көрсеткіші болып табылатын – қатысымдық бірліктер қарастырылып, қатысымдық бірліктердің функциясы, ерекшеліктері, қарым-қатынастағы маңызы, орны жазылған. Тілдің қатысымдық бірліктері сөз, сөйлем, мәтін және фразеологиялық оралым, олардың әрқайсысы жеке зерттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес мақалада фразеологиялық оралымдардың тілдің қатысымдық, эмоционалды-экспрессивті қызметтерімен байланысы талқыланды. Қазақ тілінде кездесетін фразеологиялық тіркестердің фраза және идиома түрлеріне тоқталып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды. Фразеологиялық тіркестердің семантикалық мәні, танымдық, эмоционалды, экспрессивті реңктері жайындағы ғалымдар пікірлері талданып, мысалдар келтірілді. Персонализациялық сапаға ие болған фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктері, қолданылуы, жасалу жолдары талданды. Фразеологиялық тіркестердің қатысымдық белсенділігі, позитивтік-танымдық қызметі, сөйлемдегі прагматикалық мақсаты зерттелді. Фразеологиялық тіркестер қатысымдық қызметіне қарай топтастырылды.

pdf