Бұл мақалада Қазақстан баспасөзіндегі мәдени кодтың ақпараттық-коммуникативтік табиғаты негізделеді. Қазақстанда көпұлтты қоғамды қалыптастырудың тарихи тәжірибесі ұлттық кодқа үлкен әсер етті. Қазіргі заманғы медиажөніндегі қазақ халқының ұлттық кодының көрінісін қарастыра отырып, "келісім", "төзімділік", "Қонақжайлылық" және "Құрмет" сөздері қазақстандық медиакеңістікте мәдени кодтың түрлі феномендерін сипаттауда жиі кездеседі. Қазақстанның медиа-кеңістігіне ұшырайтын цифрландыру және конвергенция процесі басқа елдермен тең дәрежеде баспасөз оқырмандарының авторларымен қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін техникалық мүмкіндік береді. Оқырмандармен кері байланыстың күшейту үрдісі барлық коммуникативті-іс-әрекет процесін оңтайландыруға және жоғары сапалы ақпарат алуға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік құрамдастың болуы қазақ халқының ұлттық мәдени кодының диалектикалық дамуына, халықтың ұлттық бірегейлігі мен үздік дәстүрлерін сақтаудағы жаһанданудың сын-қатерлеріне қарсы тұруға көмектеседі.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мәдени код, дискурс, Қазақстан баспасөзі, комунникативті үдерістер, ақпараттық кеңістік
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Аймағамбетова , М. і Садыкова, А. 2021. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИА ДИСКУРСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ КОД. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 386–393. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.67.