Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АЛҒАШҚЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ: АЛАШ АҒАРТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

Жарияланған July 2021

184

148

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е.С. Тұрғынов

 докторант, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің ағартушылық қырына тоқталамыз. Тек әдеби шығармашылықпен айналысып қана қоймай, педагогикалық оқытудың үздік үлгілерін жинақтап, арнайы оқулық шығарып, халықты сауаттандыру жолындағы қазақ зиялыларының рухани үндестігі туралы айтылады. Халқының сауатын ашу үшін әдеби шығармалар терең ой салып, білімді болуға үндеген, Б.Майлин оқыған-тоқығаны мен бойына жиған білімін өзінің жеке басының жақсылығына, тұрмысын жақсартуға жұмсамай, бүкіл елдің игілігіне қызмет еткен нағыз ағартушы тұлға екені айқындала түседі.

Б.Майлин шығармашылығының мазмұны халық үнемі ағарту мен білімге үндеп отыруға құрылған. Әдеби шығармаларында және көсемкөз жазбаларында да оқу-ағарту ісімен айналысқан зиялы адамдарды үлгі ретінде көрсетіп отырған. Оқу мен білімге ұмтылған жастардың арманы суреттеу арқылы қоғамды білімділікке үндейді, үйренемін деген жасқа қолдау білдіруге үгіттейді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Тұрғынов , Е. 2021. АЛҒАШҚЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ: АЛАШ АҒАРТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 297–303. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.51.