Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЕРІМБЕТ КӨЛДЕЙБЕКҰЛЫНЫҢ АЙТЫСТАҒЫ ОРНЫ

Жарияланған July 2021

128

121

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан, Қызылорда
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. С. Оралова

ф.ғ.к., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан.

Аңдатпа

Мақалада Ерімбет Көлдейбекұлының айтыстағы орны айқындалады. Ерімбет ақынның жазбаша айтыс қалыптастырған ақынның даралық сипаты, айтыстарының мәні, көркемдігі талданады. Ерімбет Көлдейбекұлының хaт жaнрындағы шығaрмaлaрының жaнрлық, тaнымдық сипaты зeрдeлeнеді.

Ерімбет Көлдейбекұлының жазбаша айтыстары арқылы ұлт әдебиетіне, мәдениетіне, руханиятына қосқан үлесі бағаланады.

Ерімбет ақынның айтыстарының жұмбақтасу мен шешу жүйесімен жырланған шығармаларының дүниетанымдық сипаты дәлелденеді. Ерімбет Көлдейбекұлының жұмбақ айтыстарының белгілі бір әдеби шығармашылық ортаның сабақтастығын танытатын ерекшелігі сараланып, жұмбақ айтысын жасап, оны шешу аясындағы басалқы айтушы ақындар дәстүрінің табиғаты дәйектеледі. Жазбаша айтыстарының идеялық-композициялық желісіндегі қазақ халқының жыраулық-ақындық, шешендік дәстүріндегі ағартушылық бағыттағы тұлғалардың ұстаздық тұлғаларының дәріптелу дәстүр көрінісіне сипатама жасалынған.

Ерімбет Көлдейбекұлы шығармашылығындағы жазбаша айтыстарының тәрбие, тәлімгерлік мәнді шығармалар екендігі сараланады. Ерімбет ақынның өзі өмір сүрген дәуірдің әдеби сыншысы ретіндегі шығармашылық даралық сипаты, поэтикалық тіл қолданыстарының мәні айқындалады. Ақындық ойды кеңейте түсу үшін қолданылған халық даналығы үлгілері мақал-мәтелдерді шеберлікпен үйлестіре қолданудағы шеберлігі дәстүр жалғастығы аясында қарастырылады.

pdf