Мақалада поэтикалық мәтінге жаңаша талдау жасау әдісі ұсынылады. Поэзия тілінің адамның санасына, соның ішінде гипнотикалық тіл паттерндері мен сенсорлық предикаттардың негізінде түпсанаға ықпал ету қасиеті айқындалған. Сондай-ақ, поэтикалық нейролингвистикалық қуаты сипатталады. Нейролингвистикалық бағдарламалық зерттеулердің теориялық және практикалық маңызы қарастырылған. Қазақтың өлең жырларын нейролингвистикалық бағдарламалық мақсаты мен мазмұндық тұрғысынан классификация жасалған. Поэзиянытілінің нейролингвистикалық тұрғыдан тыңдаушыға әсер ету факторлары көрсетілген. Нейролингвистикалық бағыттың басқа бағыттардан басты айырмашылықтары айқындалып, адамдар арасындағы тілдесу үдерісінде коммуникацияның мазмұнына әсер ету қасиетіне аударылған. Сөйлеу мен ойлау, ес, зейін сияқты психологиялық әрекеттер өзара байланыста қарастырылып, поэтикалық тілдің қарым-қатынасқа түсуші рецепиенттердің психологиясына әсер етуші психолингвистикалық-коммуникативтік ерекшеліктері ашылған. Поэзия, жыр-дастандар тілінің нейролингвистикалық, магиялық қуатының мол екендігі, тыңдаушыныны иландыру белгілі бір әрекеттерге жұмылдыру, ізгілікке шақыруға, сонымен қатар, тіл арқылы манипуляуия жасауға да болатыны жөніндегі ғалымдардың тұжырымдары қарастырылды.
ПОЭТИКАЛЫҚ ТІЛДІҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ СИПАТЫ
Жарияланған July 2021
154
133
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
НЛБ, нейролингвистика, поэзия, поэтический язык, художественные средства, антропология, аффирмация, мотивация, медитация
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сембаева , А.Г. і Ескермесова , .Г.А. 2021. ПОЭТИКАЛЫҚ ТІЛДІҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ СИПАТЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 155–162. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.26.