Мақаланың мақсаты – Сібірдегі түркі тілдес халықтың бірі саха есімдерінің мaзмұнын aшу, ұлттың мәдени болмысы мен лингвомәдени ерекшеліктерін көрсету, онимдерді тақырыптық-семантикалық жағынан, aнтропонимдердің жасалу жолдарын мен құрамын, өзара байланысын aнықтaу міндеті қойылды. Сахалардың тілі мен діні, салт-дәстүрі, адам есімдері, жер-су аттары, тұрмыс-тіршілігі геосаясатқа байланысты өзгеруі мақалада мысалдармен беріледі. Сахалардың басқа халықтар сияқты, антропонимдері ұлттық өзіндік ерекшелікке ие. Сахалар көрші халықтардың мәдениеті ықпалымен қалыптасып, дамыған. Сахалар тарихта қандай жағдайды бастан өткерсе де, ежелгі ат қою дәстүрлерін сақтап қалған. Зерттеушілер сахалардың антропонимиялық хронологиясын синхрондық тұрғыдан зерттей келе, христиандыққа өткенге дейінгі (ХІ-XVII ғ.), Кеңес кезеңі (XVIII ғ. – 1917 жылға дейінгі кезең) және 1917 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін кезең деп үшке бөліп қарастырады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қортабаева , Г. і Асқарова , Г. 2021. ЯКУТ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕК¬ШЕ¬ЛІК¬ТЕ¬РІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 107–111. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.23.