Қытай тіл білімінде термин сөздер ұлттық тілде қалыптасқан. Халықаралық терминдер қытай тілінің дыбыстық заңдылықтарына бейімделіп аударылады. Қытай тіл білімі терминдерінің ұлттық тілде қалыптасқандығы оларды қазақ тіліне аударуда қиындықтар туындатады. Қазақ тіліндегі аудармасында беретін ұғымдары мен мағыналары әрқилы және бұрыс түсіндірілген қытай тіл білімінің терминдері, сондай-ақ қазақ тіліндегі аталуы бір ізге түспеген терминдер аз емес. Мақалада Қытай және Қазақстанда жарық көрген оқулық, оқу құралы, тіл біліміне қатысты сөздік және аударма сөздіктердегі қытай тіл білімінің грамматикасына қатысты терминдердің қазақ тілі, орыс тіліндегі аудармаларына талдау жасалды. Талдаулар негізінде қазақ тіліндегі аудармасы бір арнаға түспеген әртүрлі баламамен беріліп жүрген тіл білімі терминдерін біріздендіруге талпыныс жасалды және қазақ тіліне дұрыс аудырылмаған лингвистикалық терминдердің түпнұсқадағы ұғым-түсінігіне мейілінше жақын келетін қазақ тіліндегі нұсқалары ұсынылды.
ҚЫТАЙ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АТАУЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ АУДАРМАСЫ ЖАЙЫНДА
Жарияланған June 2021
417
197
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қалибекұлы, Т. 2021. ҚЫТАЙ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ АТАУЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ АУДАРМАСЫ ЖАЙЫНДА. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 597–608. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.100.