Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖАҢАША ЗЕРДЕЛЕУ

Жарияланған June 2021

133

110

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Мауленов

ф.ғ.к., доцент,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Нүсіпәліқызы

PhD докторант,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі мифтік архетиптердің жаңғырып адамзат мәдениетіне тың бастаулармен қайта табысқандығы туралы ой қозғалады. Оны Абайдың «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» атты поэмаларын талдау барысындағы қол жеткізген нәтижелерінен аңдауға болатыны айтылады. Арғықазақ мифологиясының сол кезең шығармаларына тигізген игі ықпал - әсері бүгінгі күн тұрғысынан қайта зерделеніп,сөз мағынасын түрлендіру сияқты ойлы поэзиясы бар екенінақты мысалдармен тұжырымдалады. Абай шығармаларындағы шынайы жаңашылдық жаңа мазмұнмен байланысты болып келетіндігі, сонымен бір мезетте дәстүрге арқа сүйей отырып, өнердегі жаңа соқпақтың сұлбасын қалыптастырғандығы қарастырылады. Халқымыздың өткенін бүгінімен жалғастыратын сан алуандықтың әдеби материалы ретінде қазіргі кезде орын алып жатқан белгілі бір ситуация мен коллизияны мифологиялық параллелдермен оқырманға таныта білуге талпыныс жасағандығы баяндалады.Абай жасаған Ескендір бейнесінің өзге де Ескендір өміріне арналған шығыс дастандарынан, тарихи деректерден ерекшелігі, образдау шеберлігі мифологиялық тұрғыдан танылып, адам бойынан табылатын жақсы қасиеттердің білім мен мінезден келетінінеақынның дәлелдемелері арқылытүйіндеме жасалады. Мифтік символизм элементтерін ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі қолданылу ерекшелігіне мән беріледі.

pdf.
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мауленов, А. і Нүсіпәліқызы , А. 2021. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЖАҢАША ЗЕРДЕЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 2(72) (Чер 2021), 388–393. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7804.64.