Екі немесе одан да көп тілді қолдану әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған жағдай. Дегенмен, осы кезге дейін билингвизм сөйлеуді, таным мен миды өңдеуді қиындататын фактор ретінде қарастырылып келді. Соңғы 25 жылда билингвизм туралы, оның ішінде тілдерді зерттеу, меңгеру және өңдеу мәселелері мен олардың когнитивтік және жүйке астары негіздерін қарастыру, билингвизмнің таным мен миға әсері туралы зерттеулер қарқынды жүрді. Билингвизм тілдік жүйені күрделендіреді деген көзқарастарға қайшы, қазіргі таңда адам меңгеріп, қолданатын тілдердің барлығы мида бір тілдік жүйеге енетіндігін көрсететін жаңа зерттеулер жеткілікті. Екі тілді қолданған кезде туындайтын өзара әрекеттесулер ақыл-ой мен миға, әсіресе, тілдің өңделуіне әсер етеді, бірақ ол әсерлер аддитивті емес. Осылайша, қостілділік бір тілді иеленушілердің миында өзгеше орналасқан фундаменталды архитектура мен тілді өңдеу механизмдерін ашуға көмектеседі.
БИЛИНГВИЗМДІ ЗЕРТТЕУ ҮДЕРІСІНДЕГІ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ
Жарияланған July 2021
331
183
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
нейролингвистика, билингвизм, көптілділік, нейроғылым, бірінші тіл, екінші тіл, тілді меңгеру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ibrayeva, Z. і Zhaksylykkyzy , K. 2021. БИЛИНГВИЗМДІ ЗЕРТТЕУ ҮДЕРІСІНДЕГІ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 67–73. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.11.