Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ИСЛАМ ДӘУІРІНІҢ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР

Жарияланған July 2021

202

103

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

M. Жүнісова

ф.ғ.к., профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е. Қасенов

ф.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан.

Аңдатпа

Мақалада ислам дәуірі мұраларындағы тәрбие мәселесіне қатысты мақал-мәтелдердің қолданылуы сөз болған. Ислам дәуіріндегі поэзиялық туындыларда орын алған паремиялогиялық бірліктердің стилдік ерекшелігіне және бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ықпалына назар аударылған. Түркі халқына ортақ мұралардағы, әсіресе Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Йүгінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани еңбектеріндегі бала тәрбиесіне, жалпы адамзат тәрбиесіне арналған паремиялогиялық бірліктердің өміршеңдігі сөз болады. Ислам дәуірінде өмір сүрген тұлғалардың тәрбие жайындағы қағидалары бүгінгі тәрбие беруде үнемі басшылыққа алып отыру қажеттілігі де айтылған.

Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Йүгінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани сынды ортағасырлық ойшылдардың адамзат тәрбиесіне ерекше мән бергендігі тәрбиенің қай кезеңде, қай қоғамда болмасын маңыздылығын нақтылай түсетіндігі айтылады. Ғалым Әбжан Құрышжанұлы тәржімалаған ескі түркі жазба ескерткіштеріндегі тәрбиеге қатысты даналық ойларға талдау жасалады. Сондай-ақ паремиялогиялық бірліктердің бүгінгі еліміздегі тәрбие берудегі орны мен маңызы да дәйектеледі. Бүгінгі тәрбие беру бағыттарына түркі дүниесінің даналық ойларын енгізу арқылы тәрбиелеу қажеттілігі сөз болады. Мақалада қазақ жастарының бойындағы елге, Отанға деген сүйіспеншілігін оятудағы міндеттер нақты көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жүнісова M. і Қасенов, Е. 2021. ИСЛАМ ДӘУІРІНІҢ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 63–67. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.10.