Мақалада адам баласының құстар әлемімен қатынасының мифтік кезеңдегі байланысының өткен дәуір мен бүгінгі заман аралығындағы арақатынасы лингвокогнитивтік тұрғыдан қарастырылады. Этнос дүниетанымындағы орнитонимдердің қатысуымен жасалған мифтік мәтіндердің мәдени семнатикасынан этностың әлем туралы түсінігінің тілдегі бейнесі талданады. Зерттеу жұмысында орнитонимдерге соның ішінде Самұрық құс пен Құмай туралы қалыптасқан прецедентті мәтіндердегі логикалық, когнитологиялық, мифологиялық, поэтикалық, лингвистикалық модельдер жиынтығының тезаурусы түзілген. Қазақ мифологиясындағы орнитонимдер арқылы жасалған тілдік бірліктер этностың дүниетанымымен, мәдениетімен, психологиясымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты екендігі көрсетілген. Этностың ұлттық болмысын танытатын категориялардың біріне орнитонимдер туралы мифтік, ұлттық, халықтық түсінігінің жататындығы мақала мазмұнында баяндалады. Лингвистика ғылымының орасан зор мүмкіндіктері басқа ғылым салалары антропология, когнитология, психология, философия, мифология, т.б. тығыз қарым-қатынасының нәтижесінде анықталатындығы жан-жақты көрсетілген.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жиренов , С. 2021. ҚАЗАҚ МИФОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ОРНИТОНИМДЕРДІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 48–53. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.07.