Елбасы Н.Ә.Назарбаев 12 сәуір 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлт жадының тұғырнамасы және жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ретінде ұлттық кодты сақтай білу туралы нақты айтты: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды».
Есте жоқ көне замандардан бері жер бетін мекендеген әр тайпа, әр ұлыс, әр халықтың өзіне тән ырым-тыйымдары және тұтас әулетті қорғап сақтайды деп сенетін киелі заттары болды. Рухани дүниенің қасиетін адамдар ертеден білген.
Тұмар тағу көне – түркілік дәстүр. Тіл-көз, сұқ көзден қорғайтын қасиеті бар тұмар және адам баласына теріс әсері тиетін энергетикалық қара күштердің әсерін бейнелейтін жыр шумақтары қазақ әдебиетінде мол кездеседі. Мақала осы тақырыпты тереңінен қозғайды. Ақындар киелі бейнелер арқылы туған жеріне, отанына, сүйген жарына махаббатын бейнелеп, киелі заттардың тылсым қасиетін дәріптейді.