Мақала қазақ тіл біліміндегі “мақсат категориясы” ұғымын ашуға арналған. Ең бірінші мақсат категориясына анықтама беріліп, оның түрлі салада қолдану ерекшеліктері сөз етілген. Аталған мәселеге қатысты отандық және шетелдік ғалымдар зерттеулері мен ұстаным - пікірлері басшылыққа алынған. Мақсат категориясын талдау барысындағы “адресант факторының” маңыздылығы айтылған. Сондай-ақ мақсат категориясын жүзеге асыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер сөз етіледі. Сөйлеу актісінің түрлеріне талдау жасалынған. Аталған категорияның дискурстағы орны, өзіндік ерекшеліктері айшықталған.
Қазіргі таңда лингвистикада дискурс зерттеу ретінде маңызды орын алады. Жаһандану идеялары кейбір дискурстарды тікелей генерациялайды, бұл көбінесе зерттеушілердің назарынан тыс қалады, демек, дискурс - талдаудың эвристикалық мүмкіндіктерін төмендетуге алып келеді, ол тек мәтіндерді тікелей зерделеуді ғана емес, сонымен қатар олардың пайда болу факторларын қарастыруды білдіреді.
Тіл лингвистикасында, прагмалингвистикада, психолингвистикада, әлеуметтік лингвистикада және лингвокультурологияда қолданылатын көптеген терминдер біркелкі емес.Олардың қатарына дискурс сияқты ұғым жатады. көптеген зерттеулер дискурстың мәнін ашуға арналған. Дискурс пен оның түсіндірмелерін қолданудың көптеген нұсқалары бар, бірақ бүгінгі күні “дискурс” ұғымы өте танымал сөз бола отырса да, әлі де зерттеуді қажет етеді.