Бұл мақала ХIХ ғасырдың ең ықпалды америкалық ақындарының бірі Генри Уордсворт Лонгфеллоудың поэзиясындағы дидактикалық қарын талдауға арналған. Оның шығармашылығы көркемдік бейнелілікті тәрбиелік мақсатпен ұштастырады. Зерттеудің мақсаты - Лонгфеллоудың дидактикалық әдісінің ерекшеліктерін айқындау және оның американ коғамның моральдық және мәдени құндылықтарың қалыптастырудағырөлін анықтау. Зерттеу әдеби талдау, салыстырмалы әдіс, тарихи-мәдени тәсіл және сын көзқарастағы дереккөздерді пайдалану сияқты кешенді әдіснамалық неге сүйенеді. Негізгі шығармаларды (A Psalm of Life, The village Blacksmith, Paul Revere’s Ride) талдау Лонгфеллоудың дидактизмі моральдық тәлім беру, еңбек пен әлеуметтік құндылықтарды дәріптеу, ұлттық жадты қалыптастыру және мәдени символдар жасау арқылы көрінетінін көрсетеді. Ақын оқырманды тәрбиелеу және американдық берегейлікті нығайту үшін поэтикалық тілді қолданатын ұстаз әрі мәдени делдал ретінде танылады. Зерттеу нәтижелері Лонгфеллоудың дидактизмін көркем еркіндікті шектеу емес, әдебиетті ұлттық тәрбие құралына айналдырғанимәдени миссия ретінде қарастыру қажет екенін дәлелдейді.
ГЕНРИ УОРДСВОРТ ЛОНГФЕЛЛОУ: ХIХ ҒАСЫРДЫҢ МҰҒАЛІМІ, АҚЫНЫ, ЖӘНЕ МӘДЕНИ МЕДИАТОРЫ
Жарияланды June 2026
4
-1
Аннотация
Тілі
English
Кілттік сөздер
Лонгфеллоу, дидактизм, XIX ғасырдағы америкалық поэзия, мәдени бірегейлік, моральдық құндылықтар, ұлттық жад, әдеби талдау
Как цитировать
[1]
Н.К., Л. і У.К., Д. 2026. ГЕНРИ УОРДСВОРТ ЛОНГФЕЛЛОУ: ХIХ ҒАСЫРДЫҢ МҰҒАЛІМІ, АҚЫНЫ, ЖӘНЕ МӘДЕНИ МЕДИАТОРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 96, 2 (Чер 2026), 19–27. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2026.96.2.002.

