Мақалада әдебиеттегі тұлға концепциясының теориялық мәселелері және қазіргі ұлттық прозағы көріністері жекелеген көркем шығармалар негізінде қарастырылады. Тұлға концепциясы туралы кезінде зерттеушілер көптеген мәселелер қозғағанмен, қазіргі уақытта да бұл тақырып өзекті саналады. Өйткені адам мен қоғамның байланысы үнемі даму, өзгеріс үстінде. Бүгінде тарихпен қатар, қазіргі уақыттағы моральдық, этикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер жазушыларды қызықтырады. Әдебиет өзгермелі дүниедегі адамды толық және тереңірек бейнелеудің әр алуан жолдарын іздестіріп келеді. Бұл ретте тұлға мәселесі – күрделі тақырып. Оған қатысты зерттеушілердің әр түрлі көзқарастары болды. Мақалада зерттеушілер тарапынан айтылған ғылыми тұжырымдар жүйеленіп сараланды. Тұлға концепциясы көркемдік дамуды айқындайды. Романтизм мен реализмнің басты айырмашылық белгісі тұлға концепциясымен тікелей байланысты болды. Ендігі бір көзқараста әдебиеттегі тұлға ең жоғары әлеуметтік-индивидуалды болмыстағы адам деп қабылданды. Оның мазмұны көркем шығармада басты эстетикалық және көркемдік-этикалық бағалау өлшемі болуы тиісті делінді. Тұлға сондай-ақ рухани құндылықтарды өндіруші, белгілі бір эстетикалық талғамдарды, идеалдарды, көзқарастарды тасымалдаушы деп те анықталды. Түрлі көзқарас, тұжырымдар айтылғанмен, тұлға концепциясының мазмұны толық ашылды дей алмаймыз. Өйткені, қазіргі әлемде адам қаншалықты күрделі, мүмкіндігі шексіз болса, әдебиеттегі тұлға бейнесі соншалықты көп қырлы. Әдебиеттану ғылымында тұлға мәселесін жіктеуде «құрбандық тұлға» және «еуропалық тұлға» терминдері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар кейінгі зерттеулерде тұлғаның үш категориясы – діндарлық, амбиваленттік және эгоцентрлік түрлері анықталған. Мақалада тұлға концепциясы туралы ғылыми тұжырымдар салыстырылып, талдау жасалынды.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ұ., С. і Б.Ш., Б. 2025. ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҰЛҒА КОНЦЕПЦИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 92, 2 (Чер 2025), 53–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.92.2.006.