Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БАСЫМ ТІЛ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСҚА ТІЛДЕРГЕ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

Жарияланған April 2025

29

24

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі ағылшын тілінің басымдылығының әсері талданады. Елдің үштілділік саясаты аясында ағылшын тілі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Ағылшын тілінде оқыту халықаралық интеграцияға, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерінің кеңеюіне және студенттердің жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Алайда, бұл үрдіс қазақ және орыс тілдерінің рөлін әлсіретуі, тілдік теңсіздікті күшейтуі және мәдени құндылықтардың сақталуына кері әсер етуі мүмкін. Мақалада сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, студенттердің ағылшын тілінің әсеріне қатысты пікірлері талданады. Зерттеу нәтижелері ағылшын тілінің білім беру жүйесіндегі артықшылықтарымен қатар, оның жергілікті тілдерге тигізетін ықтимал салдарын да көрсетеді. Осыған байланысты, мемлекеттік тіл саясаты ағылшын тілінің жаһандық мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ тілінің қолданыс аясын сақтау мен дамытуға бағытталуы тиіс.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Оспанов Е., Иманғали Ө. 2025. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БАСЫМ ТІЛ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСҚА ТІЛДЕРГЕ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 91, 1 (Квіт 2025), 125–134. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2025.91.1.013.