Бұл мақалада аударма ісіндегі зан терминдерінің лингвомәдени және құқықтық ерекшеліктері зерттеледі. Зерттеу барысында құқықтық мәтіндердегі терминологияның мәдени контексті мен аудармадағы рөлі тереңінен талданды. Зерттеу әдістері ретінде сауалнама, фокус-топтар және контент-талдау әдістері қолданылды. Сауалнама нәтижелері құқықтық терминологияның мәдени контекстін ескеру қажеттілігін 80%-бен көрсетсе, студенттердің құқықтық мәтіндерді аударуда кездесетін қиындықтарды сезінуі 70%-ды құрады. Фокус-топтарда қатысушылар құқықтық аудармадағы мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын талқылады. Контент-талдау әдісі арқылы 50-ден астам құқықтық мәтіндерден мысалдар жинап, терминдердің қолданылу жиілігі мен аудармадағы қиындықтары анықталды. Нәтижесінде, құқықтық терминологияның аударма процесіндегі маңыздылығы және оның мәдени аспектілері тереңірек түсінілді. Зерттеу нәтижелері құқықтық аударма саласындағы білім мен тәжірибені байытуға, сондай-ақ аударма сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді. Студенттердің құқықтық терминологияны аударудағы қызығушылығы мен қажеттіліктері, құқықтық мәтіндердің мәдени контекстін ескере отырып, аударма процесін жетілдіруге ықпал етеді. Бұл зерттеу құқықтық аударма саласындағы мамандар мен студенттер үшін құнды ресурс болып, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, құқықтық аудармадағы мәдени кедергілерді жеңу үшін қажетті білім мен дағдыларды дамыту маңызды. Зерттеу нәтижелері құқықтық мәтіндерді аударудағы қиындықтарды жеңу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс құқықтық аударма саласындағы болашақ зерттеулер үшін жаңа бағыттар мен мүмкіндіктерді ашуға ықпал етеді
Аударма ісіндегі заң терминдерінің лингвомәдени және құқықтық ерекшеліктері
Жарияланған December 2024
18
13
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
құқықтық аударма
зан терминологиясы
лингвомәдени ерекшеліктер
контент-талдау
сауалнама
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.А., М. 2024. Аударма ісіндегі заң терминдерінің лингвомәдени және құқықтық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 90 (Груд 2024), 103–114. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.90.4.004.