Мақалада қалмақ-қазақ әдеби байланыстары Сырбай Мәуленовтің қалмақ ақыны Михаил Хониновтың өлеңдерінің қазақша аудармалары мен аудармашының басылымға жазған алғысөзі мысалында қарастырылады. «Социалистік Қазақстан» газетінің 1981 жылғы 6 тамыздағы санында М.Хониновтың әр жылдардағы 6 өлеңі С.Мәуленовтің «Михаил Хонинов» деген алғысөзімен жарияланды. Бұл қалмақ ақынының лирикасының қазақ тіліндегі тұңғыш басылымы. Алғы сөзінде қаламгер қалмақ ақынымен Пушкин мерекесіне қатысу үшін Мәскеуден Псковқа барған сапарында таныстығы туралы айтып кеткен. Сол сапардан кейін олар достасып, хат алысып, бір-бірінің шығармаларын кеңес елі халықтарының қарым-қатынас тілі – орыс тіліне аудармасын оқыды. Газет басылымына енген партизан батырдың жырлары қазақ оқырманын Ресей, туған жер, соғыс пен бейбітшілік туралы қалмақ лирикасымен таныстырады.
МӘДЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ: ҚАЛМАҚ-ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ҚАТЫНАСЫ. МИХАИЛ ХОНИНОВ – СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ
Жарияланған September 2024
55
30
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Р.М., Х. 2024. МӘДЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ: ҚАЛМАҚ-ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ҚАТЫНАСЫ. МИХАИЛ ХОНИНОВ – СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 89 (Вер 2024), 58–65. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2024.89.3.007.