Бұл мақалада орта мектепте фантастикалық шығармаларды оқытудың әдістемесі қарастырылады. Ұлттық әдебиетте негізі ауыз әдебиеті үлгілерінде мол кездескенімен, жанрлық түр ретінде ХХ ғасырда ғана қалыптасып, дамыған фантастикалық әдебиет мектеп бағдарламасына да кешігіп енді. Ең алдымен оқушылардың жас ерекшелігі мен таным деңгейін ескеру орынды. Оқуға жеңіл, оқиғасы қызық, іс-әрекеттер шұғыл, шешімдер күрт өзгеретін табиғаты өзгеше фантастикалық шығарма баланың қиялын дамытып, өзі күнделікті көріп жүрген қоршаған орта, өмір шындығынан бөлек, аса жоғары эмоционалдық күйге түсіретін болғандықтан да бағалы. Орта мектепте фантастикалық шығармаларды оқытудың ұлттық деңгейдегі тәжірибесі аз болғанымен, әлемдік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибе, әдістер назар аударарлық. Алайда бұл жанрдағы шығармаларды оқытуда ұлттық таным мен халықтың көнеден келе жатқан сенім әлемінің ерекшеліктерін ескеру керектігі маңызды.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған December 2023
101
69
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Юсуп, П. і Юсуп, А. 2023. ОРТА МЕКТЕПТЕ ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 86, 4 (Груд 2023), 120–121. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.86.4.012.