Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

«ӨЗГЕ» ОБРАЗЫ РЕТІНДЕГІ ЭНКИДУ: МҰРАТ ӘУЕЗОВТІҢ ДЕКОЛОНИАЛЬДЫҚ КӨЗҚАРАСЫ

Жарияланды September 2026

58

53

Е.А. Букетова атындағы Қарағанды университеті
Аңдатпа

Зерттеу Мұрат Әуезовтің 1976 жылы жарық көрген «Энкидиада. Көшпелі және отырықшы әлемдер бірлігі мәселесі төңірегінде» атты мақаласын постколониалдық пайым тұрғысынан талдауға арналған. «Гильгамеш туралы жырдың» кейіпкері Энкидуды «Өзге» образы деңгейінде зерделеген авторлық пайым мақаланың зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Әдебиеттерге жасалған қысқаша шолу М. Әуезовтің Энкиду тұлғасына қатысты өзіндік жаңашылдығын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл зерттеу постколониалдық теория мен оның ұғымдық аппараты қалыптасқанға дейін-ақ, автордың осы бағыттың өзегін құрайтын бірқатар мәселелерді түйсікпен тұжырымдағанын дәлелдейді. Сонымен бірге мақалада М. Әуезовтің өз туындысын жазу кезеңіндегі тарихи контекст пен ғылыми білім өндірісінің жағдайлары зерделенеді. Бұл жайт автордың Энкиду образына бет бұру себептерін ғана емес, сонымен қатар жарық көріп үлгерген кітапқа цензура тарапынан тыйым салыну сырын да ашып көрсетеді. Зерттеу постколониалдық теория аясында, сондай-ақ талдаудың интерпретациялық, интенционалдық және контекстік әдістеріне сүйене отырып жүргізілді. Мақала М. Әуезовтің еңбегін постколониалдық теория ұғымдары аясында зерделеуді көздейді. Зерттеу нәтижелері М. Әуезовтің Энкиду образына өркениеттік «Өзге» символы ретінде жүгінгенін айғақтайды, ал аталған еңбек үстемдік етуші кеңестік мәдени парадигманың идеяларына қайшы келетін балама пайым екенін көрсетеді.

 

PDF (Русский)
Тіл

Русский