Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

ХАБАРШЫ «Филология ғылымдары» сериясы

“КӨНЕ ЖҰРТ” ӘҢГІМЕСІНДЕГІ КЕЙІПКЕРДІҢ ДӘРМЕНСІЗДІК ЭСТЕТИКАСЫ

Жарияланған July 2021
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Р.К. Жетібай

докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы Қазақстан

Аңдатпа

Бұл мақалада Жұмекен Нәжімеденовтың “Көне жұрт” әңгімесі жан-жақты талданады. Әңгімеге авторлық концепция тұрғысынан, көркемдік құрылым тұрғысынан талдаулар жасалады. Көркемдік детальдардадың орныды-орынсыз қолданысы қарастырыларды. Троп және фигураның түрі айқындалады. Басты кейіпкерге психоаналитика жасалады.

      Сонымен қатар қазіргі әдеби үдерістегі психоанализ көріністері сараланды. Мазмұндық және пішіндік тұрғыдан талданып, көркемдік әлеміне шолу жасалады. Сюжеттік байланыстардың әлсіз тұстары көрсетіледі. Зигмунд Фрейдтің “Түс көру” философиялық тұғырнамасына сүйене отырып кейіпкерге психоаналитика жасалады.

      Мақаланың маңыздылығы өткен дәуір прозасында талданбай кеткен Жұмекен әңгімелерінің көркемдік құрылымын талдау болса. Өзектілігі сол кезеңдегі әңгімелерден артықшылығы мен кемшілігін салғастыра отырып, басты кейіпкердің жасалу тәсілдерін айқындау. Кейіпкердің парадокске толы оқиғаларды психологиялық санаттан  сана дуэліне шығуын, жан мен ақыл арпалысын екшелеп талдау арқылы дәрменсіздік эстетикасының мәнін ашу. Қоғамдық құбылыстағы санаға симайтын іс-әркет пен ғаділетсіздік шырмауында қалған кейіпкердің жан дегенде жалғыз жарынан көрген қиянатының  басты кейіпкерді дәрменсіздік эстетикасына жетелегенін көрсету.

pdf