Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ЕТІСТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Жарияланды November 2023

260

255

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Назыкен Егизбаева

филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Әлия Тәубеева

PhD докторант

Аннотация

Ұсынылған мақалада қазақ тіліндегі етіс категориясының қолданыстағы функционалдық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, сөйлем ішіндегі қызметтерін ажыратып қарастыруға ұсыныс беріледі. Мақаланың әдістемелік бөлімінде отандық және ресейлік тіл зерттеуші ғалымдардың етіс және функционалды грамматика категориялары туралы айтылған ой-пікірлері мен пайымдаулары жазылады. Қазақ тілінің грамматика саласына үлкен үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының етіс категориялары талданады және ұлы ғалым ұсынған етіс категорияларының функционалды қызметтері айқындалады. Етіс категориясының мәнін ашуда функционалды грамматиканың аспектуалды, темпоралды, каузалды және модальді өрістерінің маңыздылығы қарастырылады. Қазақ тіліндегі етіс категориясының сабақты етіс түрі орыс және ағылшын тілдеріндегі етіс түрлерімен салғастырылып, ұқсастықтары ұсынылады. Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған сабақты етіс категориясының маңыздылығы мысалдар арқылы айқындалып, оны практикалық қазақ тілі оқулықтарына қайта енгізу қажеттілігі ұсынылады. Ахмет Байтұрсынұлы бекіткен алғашқы он етістердің мәнмағыналары толық ашылуларына мүмкіндік жасау үшін, оларды аспектуалды, темпоралды, каузалды және модальді функционалдық категориялар негізінде толық талдап, қазақ тілінің грамматикасының құрамына қайта енуіне себеп болатындай зерттеулер жүргізе отырып, дәлелді тұжырым беру көзделеді.

pdf
Тілі

Қазақ

Как цитировать

[1]
Егизбаева, Н. і Тәубеева, Ә. 2023. ЕТІСТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 85, 3 (Лис 2023), 5–12. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.85.3.001.