Мақалада фольклордан бастау алған лирикалық прозаның ерекшелігі айтылады. Қазіргі қазақ әдебиетінде прозаның ерекше стильдік түрі – лирикалық прозаға қалам тартқан жазушы – Мархабат Байғұттың "Әдебиет пәнінің періштесі" повесіндегі лирикалық сарын, лирикалық желі мәселесі сөз болады. Аталған повесті талдау арқылы лирикалық проза автор сомдаған кейіпкерінің жан әлемін ашуда лирикалық қана емес, әңгімелеудің барлық эпикалық тәсілдерін пайдалану мүмкіндігінің кеңдігі, лирикалық прозада бастан-аяқ үзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейтіндігі, бірақ кейіпкердің шынайы оқиғасының негізінде лирикалық сарын күшейіп, лирикалық прозаның да бейнелеу құралы жазушының сезімі мен ой толғамы болатыны, лирикалық прозаның эпикалық шығармадан басты айырмашылығы – ойдың талқылауға көнбейтіндігі, мұнда бірінші орында семантикалық мән емес, сөздің әуені тұратыны, сюжет рөлінің солғындығы секілді негізгі ерекшеліктері нақты мысалдар негізінде ажыратылады.
ЛИРИКАЛЫҚ ПРОЗА ЖӘНЕ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ "ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ ПЕРІШТЕСІ" ПОВЕСІНДЕГІ ЛИРИЗМ
Жарияланған September 2023
80
51
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Токшылыкова, Г. і Казтаева, А. 2023. ЛИРИКАЛЫҚ ПРОЗА ЖӘНЕ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ "ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ ПЕРІШТЕСІ" ПОВЕСІНДЕГІ ЛИРИЗМ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 84, 2 (Вер 2023), 61–65. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5657.2023.84.2.009.