Қазіргі таңда кез келген ұлттың мәдениеті, тілі, ұлттық болмысы, әсіресе әдебиетімен арасындағы ара-қатынастарды байланыстыруда тілдік тұлғалардың арқасында ұлттың болмыс-санасымен ұштастырып, әдебиетті дамытуда лингвистика мен лингвомәдениеттануда оның түрлі қыры мен сыры ашылуда.
Осы тұрғыдан лингвистика сөз болғанда, алдымен лингвистикалық поэтиканың мәнін ашуда оның тілдегі, әдебиеттегі тұратын дәрежесін айқындап, сол саланың зерттелуі, дамуы, пәнде оқытылуы, ғылымның өзге салаларымен байланысын көрсету мәселенің маңызды тұсын ашып көрсетеді.
Бұл мақалада көркем шығарма тілінің фонетикалық микропоэтикасы қарастырылады, сондай-ақ көркем шығармада қолданылған фонетикалық құбылыстардың табиғаты нақты мысалдармен талданады.