Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту жағдайында қолданбалы бакалавриат үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі өте өзекті болып отыр.
Мақалада мамандарды даярлаудағы еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында бакалавриаттың қолданбалы бағдарламаларына білім беру бағдарламаларын құру мен енгізу мәселесі талқыланады, олардың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу қажеттілігі негізделеді, қолданбалы бакалавр дәрежесін қолдаудың нормативтік-құқықтық базасының мәселелері талданған.
Нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау мен шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, бакалавриаттың қолданбалы бағдарламаларына білім беру бағдарламаларын енгізудің шетелдік тәжірибесін зерделеу негізінде оларды Қазақстан Республикасында енгізу және табысты қызметмүмкіндіктері қарастырылады.
Авторлар пікірінше, қарастырылып отырған мәселені жүзеге асырудың бір жолы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурсы аясында жүзеге асырылатын ғылыми жобаны әзірлеу мен енгізу. Жұмыста Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж базасында «Қазақстан Республикасындағы ТжКБ ұйымдары үшін қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламаларын жобалаудың теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ЖОО ғалымдарының ғылыми жобаны іске асыру мүмкіндіктері көрсетілген. Қолданбалы бакалавриатқа арналған білім беру бағдарламасының моделін әзірлеу мақсатында Б.Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжде жүргізілген педагогикалық экспериментті жүзеге асыру осы бағдарламаларды қазіргі Қазақстанның оқу үрдісіне енгізуге ықпал етеді.
Қорытындылай келе, авторлар жоба аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен алынған эксперименттік мәліметтер Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білімді жаңғыртуға елеулі үлес қосады деген қорытындыға келді.
Түйін сөздер: бакалавр, қолданбалы бакалавр, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы, білім беруді жаңарту, білім беруді реформалау, білім беру бағдарламасының моделі.