Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

Терминологияда меншіктілік қатынасты білдіретін матаса байланысқан сөз тіркестерінің қолданылуы

Жарияланған June 2023

87

31

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды, Қазақстан
Аңдатпа

Бұл мақалада оқу процесінде пайдаланатын терминдер қарастырылған. Кәсіби орыс тілін оқытуда меншіктілік қатынасты білдіретін матаса байланысқан мысалдар көрсетілген. Автор түрлі зерттеулер негізінде студенттердің танымдық және шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда, кәсіби құзіреттілікті, тұлғалық-бағдарлы дамуды жетілдіруде заманауи оқыту әдістерінің маңыздылығын көрсетеді. Университеттік білім беру аясында студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыс процесінде тиімділікті қамтамасыз етуге арналған білім, дағдылар мен қатынастардың жиынтығы анықталады. Мақалада қарастырылған меншіктілік қатынас туралы тілдік материалдар қазіргі қазақ және орыс тілдерінің грамматика саласын тарихи тұрғыдан кеңінен зерттеуге пайдасын тигізіп, тұжырымдары мен түйіндері меншіктілік қатынастың кейбір анықталмаған мәселелерін шешуге теориялық тұрғыдан белгілі дәрежеде өз үлесін қосады.

Түйін сөздер: меншіктілік қатынас, матаса байланысқан терминология, синтаксистік конструкция, сөйлем құрылысы, сөз тіркестерінің жасалуы, лексика-морфологиялық құрамы

pdf
Тіл

Қазақ

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нұрпейісова С.К. 2023. Терминологияда меншіктілік қатынасты білдіретін матаса байланысқан сөз тіркестерінің қолданылуы. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 81 (Чер 2023), 21–31. DOI:https://doi.org/10.51889/9472.2022.13.12.003.