Бұл мақалада интеллект - карта, заң мамандығы студенттерінің кәсіби сөйлеуін дамыту әдістерінің бірі ретінде қарастырылады. Автор «Орыс тілі» пәні курсында, пәнаралық интеграция негізінде кәсіби бағдарланған сөйлеу әрекетін оқытуды жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетеді. Мақалада «Орыс тілі» пәні сабақтарында арнайы білім алуға (болашақ мамандықтың тілін) және орыс тілін ойдағыдай меңгеруге деген ұмтылыс арасында ажырамас байланыс орнату қажет екендігі атап көрсетілген. Бұл әдістеменің жүзеге асуы, тиісті әдістер мен оқу құралдарын қолдануға да байланысты. Автор студенттердің кәсіби бағдарланған мәтіндер негізінде интеллект - картаны құрастыруын тиімді әдістердің бірі деп есептейді. Мысал ретінде, мақалада студенттер өз мамандығы бойынша мәтіндерді оқығаннан кейін құрастырған интеллект-карталардың үлгілері көрсетілген.
ИНТЕЛЛЕКТ - КАРТАСЫ ЗАҢГЕР СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Жарияланған June 2023
96
102
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Бекишева , Р.И. 2023. ИНТЕЛЛЕКТ - КАРТАСЫ ЗАҢГЕР СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 79 (Чер 2023), 26–33. DOI:https://doi.org/10.51889/4295.2022.39.41.003.