Мақалада қазақ ән мәтіндеріндегі орнитологизмдердің қатысуымен, олардың қолданысына қатысты топтастырулар жасалады. Сондай-ақ, ән мәтіндеріндегі орнитологизмдердің қолданысы мен мағыналық мәнін, тақырыптық топтарға бөлініп көрсетіледі. Ән мәтіндеріндегі тақырыптық топ орнитологиялық атаулардың тек парадигмалық қатынасына негізделінбей, әрі парадигмалық, әрі денотаттардың арасындағы байланыстарға да сүйенеді. Ән мәтіндеріндегі тақырыптық топ көлемі парадигмалық қатардан да, ән мәтіндерінің лингвокогнитивтік семантикасына талдау жасалады. Ән мәтіндеріндегі орнитологизмдердің семантикасында сөздердің лексикалық мағынасының сыбайластықтарына негізделмей, өздері атау болған заттар мен құбылыстардың аллегориялық астарлы мағына негізделетіндігі көрсетіледі. Ән мәтіндеріндегі орнитологизмдердің семантикалық басымдықтары бойынша әлемді ән арқылы сезінудегі этностың танымдық ерекшеліктері көрсетіледі. Этностың дүниетанымына жақын құстардың ән мәтінінен орын алуы этностың ұлттық ерекшелігін белгілі бір дәрежеде анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Қазақ ән мәтіндеріндегі орнитологизмдер этностың рухани әлемінде бұрыннан орын алып, бүгінге жалғасқан рухани құндылық екендігі көрсетіледі. Мұндағы құндылықты қазақ тілі ән мәтіндеріндегі тілдік материалдарға лингвокогнитивтік талдаулар жасау арқылы анықталады
ӘН МӘТІНДЕРІНДЕГІ ОРНИТОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК СЕМАНТИКАСЫ
Жарияланған June 2021
144
95
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жиренов, С. і Касенов, Е. 2021. ӘН МӘТІНДЕРІНДЕГІ ОРНИТОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК СЕМАНТИКАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 3, 3(73) (Чер 2021), 46–52. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7804.08 .