Әңгіме оқуға ыңғайлы, шағын, жинақы прозаның шағын көлемді түрі. Қазіргі кезеңде том-том романдардан көрі прозаның шағын жанрына деген оқырманның сұранысы ерекше. Сондықтан қазіргі әңгімелерді зерттеу өзекті. Қазіргі әңгімелердің мазмұнын құрайтын өмірлік құбылыстар мен авторлық идеялардың еркешеліктерін айқындау зерттеу мақаласының негізі мақсаты. Зерттеуге негізінен “Қазақ әдебиеті” газетінде соңғы бес жылда жарық көрген әңгімелер обьекті ретінде алынды. Әңгімелерге негіз болған өмірлік жағдаяттар тақырыптық ерекшелігіне байланысты топтастырылды. Тақырыптарға деген авторлық көзқарастар жүйеленіп, айқындалды. Қаламгердің басты міндетінің бірі – ұлттық мүддені шығармасына арқау ету. Заманауи әңгімерелде қоғамдағы түрлі өзгерістердің, нарықтың, ғылыми прогрестің, саяси-әлуметтік оқиғалардың ұлттық құндылықтар жүйесімен қатынасындағы қарама-қайшылықтардың туындау себептеріне деген жазушылардың позициясы айқындалды. Кеңестік кезеңде цензураға ілінген немесе кеңес үкіметінің қазақ халқына жасаған қиянаттары жайындағы тарихи, экологиялық тақырыптарда жазылған синхронды әңгімелердегі өмір шындығын бейнелеудегі ерекшеліктерді саралау да зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі. Адамтану ғылымы тұрғынысынан әлеуметтік жайттардың адам психологиясына тигізген әсері мен мінез-құлықтық өзгерістер талданды. Қазіргі әңгімелердің тақырыптық аясы мен өзекті идеялары дискурстық талданды.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ АЯСЫ МЕН ӨЗЕКТІ ИДЕЯЛАРЫ
Жарияланған December 2021
130
235
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Иманғали , Ө. і Асылбекұлы , С. 2021. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ АЯСЫ МЕН ӨЗЕКТІ ИДЕЯЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 2, 76 (Груд 2021), 71–80. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-7804.09.