Ғылыми мақалада жобалап оқыту технологиясын зерттеп-зерделеудің маңыздылығы сарапталады. Жобалап оқыту технологиясы оқушының интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде ізгілендіруге тікелей әсер ететеіндігі туралы тұжырымдар жасалынған. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуындағы ролі айқындалған. Жобалап оқытудың тарихы туралы қысқаша сипатта берілген. Жоба әдісінің білім алушылардың кез келген ситуацияларда өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы екендігі ғылыми тұжырымдалады. Жобалап оқытудың артықшылықтары ретінде оқушының логикалық дәрежеде ойлауы, өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасау негізінде алған білімінің нәтижесін көрсетуі және өздеріне артылған жауапкершілікті сезіне білуін ұсынылады. Жобалап оқытудың мақсат-міндеттері айқындалып, оқу үрдісінде пайдалану жолдары көрсетіледі. Мектепке дейінгі білім беруде қолданылатын жобалап оқыту технологиясының түрлері ұсынылады. Жобалай оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістердің уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып отыруы қазіргі білім үрдісіне қажетті үдеріс екендігі айтылады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жобалап оқыту, моно жоба,пәнаралық жоба, бірпәндік жоба, рөлдік ойындар жобасы, шығармашылық жоба, фантастикалық жоба
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Османова, З. і Сейсенбаева, Ж. 2021. ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 351–355. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.63.