Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Жарияланған June 2021

163

89

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

С. Нұрғали

п.ғ.к., доцент

Аңдатпа

Мақалада қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі шешендік өнері туралы сөз етіледі. Шешендік өнер-ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Барлық мамандық иелерінің шеберліктерін, жалпы тіл мәдениетін жетілдіру үшін ежелгі шешендік сөздерді оқып үйренудің мәні зор. Өйткені халық даналығы: мақал, мәтел, нақыл сияқты ойды кеңейтіп, тілді байытатын шешендік сөз нұсқалары көп. Шешенге мықты ұстамдылық, сабырлылық, сөзіне елді ұйыта алар жағымды дауыс қажет. Шешендік сөздердің айтылатын орнына, қамтитын мазмұнына (тақырыбына) және айтылу мақсатына қарай тектері бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән сипат, белгілері бар. Мақалада шешендік сөздің бес тегіне тоқталамыз. Олар әлеуметтік-тұрмыстық шешендік; діни шешендік, әлеуметтік-саяси шешендік; академиялық шешендік; соттағы шешендік. Шешендік сөздердің кез келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің үлесі мол, сондықтан олардағы стилъдік нормалар да қатып қалган жүйеде көрінбейді, керісінше, олар араласып та келеді. Шешендік сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады. Бұл сипаттар бірыңғай стилистік бояулар жүйесіне тірек болады. Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Nurgali , S. 2021. ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 4, 4(74) (Чер 2021), 139–143. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7804.30.