Мақалада бастауын ауыз әдебиеті үлгілерінен алатын қазақ балалар әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығы қарастырылған. Әдебиеттің қай дәуірін алып қарасаңыз да қаламгерлер балаларға арнап көркем шығармалар жазып отырғаны назарда ұсталған. Көркем әдебиеттің негізгі қызметтерінің бірі – оқырманды тәрбиелеу болса, ақын-жазушылар кез-келген шығармасында оны жадында ұстап, қазақ балаларына тәлім-тәрбие берер құнды дүниелер жазғаны нақты мысалдармен көрсетілген. Балалар әдебиетінің классиктерінен үйренген Б.Жылқыбекұлы, С.Дүйсенбиев, С.Досжан, Р.Сауытбай сияқты балаларға арнап шығарма жазып жүрген ақын-жазушылардың туындыларын талдау арқылы қазіргі балалар әдебиетіндегі көркемдік-эстетикалық жетістіктер ғылыми сараланған. Қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі дәстүр ұласуы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлең, ертегі, аңыз, әңгіме сияқты жекелеген шағын жанрлар бойынша тұжырымдалған. Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып ғылыми пайымдаулар ұсынылған.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Орда, Г. і Аскарова , Г. 2021. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР ҰЛАСУЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 268–275. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.46.