Мәтін теориясы соңғы жылдары өз шеңберінде зерттелу деңгейі жоғарылай түсті. Біз мәтін лингвистикасын қарастыруды И.Р.Гальпериннен бастадық. Бір зерттеуші мәтіннің құрылымдық жағын қарастырса, бір мектеп мазмұны жағынан қарастырды. Мәтін теориясы – күрделі теория. Мәтін лингвистикасы – тіл білімінің күрделі саласы. Қазіргі таңда ғалымдар мәтін теориясын әрқырынан қарастырып жүр.
Мәтін – «текст» деген латын сөзінен алынған, қазақша мағынасы – байланысу, бірігу. Сондықтан мәтін тілдік таңбадардың мағыналық және тұлғалық байланыс негізінде түзіледі.
Мәтін теориясын қарастыру үшін адамның білімі мен біліктілігі қажет. Бұл мәтін теориясы арқылы филолог-мамандардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы бұл ретте ерекше. Себебі, филолог-маман жоғарыдан кейінгі білім беруде оқу үдерісінде зерттеу жұмысына көп көңіл бөлінеді. Мақалада мәтін арқылы зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы туралы айтылды. Бірақ бұл жұмыс жалғасын табады.