Мақалада қазіргі заманғы қарым-қатынастың мазмұнын, сипатын және түрлерін зерттеуде оның дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін білмеу көптеген қиыншылықтарға апаратындығы жайында сөз болады. Автордың негізгі мақсаты – түркі әлемі ойшылдары мен қазақ ғұламалары шығармаларында айтылған ой-пікірлер бойынша қарым-қатынастың халық арасында жанама жүргізу негіздерін анықтау болып табылады. Мақалада ғалымды өткен мен болашақты біріктіретін, материалды және рухани мәдениетті жаңғыртатын жаңа білімдердің қайнар көзін дамытушы ретінде қарастыра отырып, ол дүниеден өткеннен кейінгі кезеңге баға беру арқылы оның даралығын түсінуге болатындығы талданады. Оның кейінгі буын ғалымдарының еңбектеріне тигізетін ықпалын айқындау; ғалымның ғылыми еңбектері тәжірибеде қай салада қолданылатынын анықтау және әр кезеңдердегі оның ғылыми мұрасына қатынасын айқындау сынды үш түрлі сипаты көрсетіледі. Нәтижесінде ғалым еңбегінің болашақтағы орны қандай екендігі бағаланатындығы айтылады. Бұл тұста қазақтың түркі тілдес философиялық көзқарастарын қалыптастырған, орта ғасырлардағы мұсылман әлемі ғұламаларының еңбектеріндегі идеяларға мән беру арқылы, олардың өз заманына тән қоғам қажеттілігіне қатысты құндылықтарын айқындау үшін әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи, М.Қашғари, А.Йүгінеки, С.Бақырғани, М.Х.Дулати еңбектері талданады.
ТҮРКІ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Жарияланған July 2021
188
135
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Құлахметова , Р. 2021. ТҮРКІ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 244–251. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.42.