Мәтін линвистикасы ілімі мен мәтін теориясы тығыз байланысты. Екеуінің нысаны бір бірімен ұштасып жатады. Мәтін теориясы мәтінді құрылымдық және қызметтік жақтарынан алып таңдайды. Құрылымдық тұрғыдан зерттегенде мәтін негізгі салаларға көңіл бөледі. Байланыстылығы – бұл мәтіннің дұрыс құрылуы, дұрыс құрылмауы деген мәселелермен ұштасады. Мұнда элементтері неден тұрады және олардың арасындағы байланыстың сипаты қандай? Оны нелер құрайды? деген сұраққа жауап алынады.
Оқушылардың жеке даму көрсеткіштерінің ішінде білім беру компонентін ерекше атап өту керек. Ол өзінің ұлттық мәдениетін терең меңгеру міндеттерімен және ана тілін еркін меңгерумен байланысты. Кейбір жағдайларда мәдени және тілдік код арасындағы түсініспеушіліктер адамдар арасындағы қарым-қатынасқа теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан қазіргі уақытта көптеген ғалымдар мәдени және тілдік кодтардың өзара әсерін зерттеумен айналысады. Ұлттық мәдени код әдебиетте айқын көрінетіндіктен, мақала авторлары оны қазіргі мектепте оқыту әдістемесіне жүгінеді. Мақаланың жетекші идеясы Рухани жаңғыру міндеттерін жүзеге асыру үшін әдеби шығармалардың тәрбиелік әлеуетін анықтаумен байланысты.