Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ

Жарияланған July 2021

151

114

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда,Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

М.К. Айтимов

ф.ғ.к., доцент, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,Қызылорда, Қазақстан

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А.А. Найманбаев

гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы;Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Аңдатпа

Қазіргі қазақ прозасының романдары – ұлттық және жалпы әлемдік әдеби үдеріс қозғалысы жүйесіндегі шығармалық еңбек нәтижелері. Қазақ тарихының кезеңдерін қамтыған алдыңғы  толқын суреткерлер ізімен кесек туындылар жазған кейінгі толқын қаламгерлер шоғыры қазіргі қазақ оқырмандарының ұлттық - тарихи санасын оятуға, жаңаша қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Бұл орайда, Сәбит Досановтың “Қылбұрау”, “Ұйық”, романдарындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім ерекшеліктерін арнайы қарастыру нысанына алынып, қазіргі қазақ романдарындағы (Сәбит Досановтың “Қылбұрау”, “Ұйық”) деректерден туындайтын қиял қосындыларының әсерлілігі, нанымдылығы айқындалған. Сонымен қатар, бұл мақалада қазіргі  қазақ романдардағы табиғат аясындағы адам тіршілігінің шынайылығын ашу, ұлттық - этнографиялық дәстүрлерді уақыт шындығымен сәйкестендіру, т.б. көркемдік шешім эстетикасы ерекшеліктері күрделі сипатымен саралана талданған  және Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың және т.б.  тарихи тұлғасын әдеби көркем бейне тұрғысында көрсетуге талпыныс жасалғанын баяндалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Айтимов , М. і Найманбаев , А. 2021. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 193–200. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.32.