Бұл мақалада қазіргі ақындық поэзияның дәстүрлі сарыны – қазақтың бұрынғы ата – бабалық, ұлттық тарихын мақтанышпен жырлауы және ұлттық мақтаныш ұрпақтан – ұраққа жалғасқан қасиетті сезім екендігі сараланады. Сонымен қатар, ежелгі түркі қағанаттарының, тамырлас халықтардың қасиетті ұрпақтарға көркем кестелі жанр өрнектерімен танытатын ақындар шығармалары – рухани мәдениетіміздің қуатты құралы енкедігі сөз болады. Қазіргі ақындық поэзия өкілдері қазақтың ұлттық мүддесіне қатысты ойларын өрбітуде зар заман ақындарына тән сыншыл сарындарды да жалғастыра жырлайтынын байқаймыз.Тәуелсіздік туы көтеріліп, ұлттық дамудың жаңа бағытының әлі қарқын ала алмай жатқан тұстарында қазіргі ақындық поэзия өкілдері осы қиын-қыстау жағдайдыда сыншыл реализм тілімен жырлай білдігі дәйектеледі. Мақалада сондай- ақ, ауызша және жазбаша поэзия дәстүрін тұтастандыра ұстанған қазіргі ақындық поэзия халқымыздың өркениет кеңістігіндегі өзіндік ұлттық-этностық тұлғасын биіктете береді. Бұл – жаңашыл қарқынымен, көркемдік-бейнелілік әсемдігімен ұлтымызды және басқа да халықтарды ізгілік жолына жетелейтін рухани құндылықтарымыздың өнегелі көрсеткіші екендігі жан- жақты сөз болады.
АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ - АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСТАР – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АРНАСЫ
Жарияланған July 2021
117
85
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Айтимов, М. і Каримова , Г. 2021. АҚЫНДАР АЙТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ - АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСТАР – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АРНАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 187–193. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.31.