Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

КАЛАМБУРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ

Жарияланды July 2021

395

390

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Тымболова

 ф.ғ.д., профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Айдаркызы

магистрант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Аннотация

Мақалада каламбурға қатысты заманауи ғылыми көзқарастардың парадигмасында кездесетін әртүрлі тұжырымдамалар талданады. Қазіргі кезде зерттеушілер арасында бұл стилистикалық тәсілдің мәнін анықтау жайында бірізді пікір жоқ. Сондықтан ғалымдар тіл білімінде каламбур сияқты стилистикалық тәсілді әртүрлі қырынан түсіндіреді. Каламбур өткір сөз, сөзойнатым  немесе тілдік ойын  деп те аталады. Ол стилистикалық айналым немесе сөздердің ойынына негізделген миниатюралар, олардың әртүрлі мағынадағы дыбыстық ұқсастықтары, сөйлеуге күлкілі реңк беретін ұғым түрінде сипатталады. Каламбур сөзінің шығу тегінің түсініксіздігіне қарамастан, заманауи лексикографиялық басылымдар оны еріксіз қос мағына беретін, әзіл-оспаққа бейім, дыбысталуы ұқсас, омонимиядан туындаған сөз ретінде таниды. Шынымен, каламбурдағы тілдік ойын бірдей дыбысталатын, бірақ әртүрлі мағына беретін омонимдерге негізделеді. Өзінің табиғаты бойынша, сөзойнатым қысқа көлемдегі каламбурдың бір түрі.  Каламбур – тіл мен сөзжұмсамды байытудың бір жолы, ол тілдің мүмкіндіктерін танытудың тиімді құралы. Демек, каламбурдың қалыптасқан тілдік материалды өзгертуге, түрлендіре жұмсау арқылы жаңа, тың бейне жасаудың бір тәсілі екендігі дәлелденеді.

pdf