Мақалада араб әріптерімен жазылған әдеби мұраларымызды транскрипциялау мәселесі қарастырылады. Түркі халықтары күні бүгінге дейін әр түрлі әліпбилерді қолданып келді. Осы қолданылған әліпбилермен көптеген еңбектер жазылған және мәдени мұра ретінде бізге дейін жеткен. Бұл еңбектер отандық ғалымдар тарапынан қазақ тіліне сай өзгертіліп келе жатыр. Ең алғашқы тасқа жазылған мәңгі тастарымыз, Ұйғыр, Қараханид, Харезм, Шағатай кезеңіндегі жазба жәдігерлеріміз туралы жан-жақты зерттеулер жасалынып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Алғаш рет мәңгі тастарды оқығандар шетел түркологтары болса да, отандық маман-ғалымдарымыздың да осы салада біршама еңбектері бар. Осы жұмыстар барысында ғалымдар тарапынан әр түрлі транскрипция, транслитерация таңбалары қолданылып келді. Ресей, Түркия, Батыс және отандық ғалымдардың әрқайсысы өздерінің транскрипт әріптерін қолданды. Бұл дегеніміз, зерттеушілердің арасында біртұтастықтың болмағандығын көрсетеді. Ал Ресей, ТМД мемлекеттерінде кирилл әліпбиімен транскрипция жасалынып келеді.
Қазақстан Республикасының латын әліпбиіне көшуі, орта ғасыр жазба жәдігерлердің транскрипт таңбаларының да жаңадан қалыптастыруына себеп болады.