Мақаланың негізгі мақсаты қазақ тіліндегі мәтін синтаксисін және ондағы байланыстырушы құралдарды анықтау болып табылады. Жұмыста дейксис, анафора, катафора сияқты ұғымдардың тіл білімі тарихында зерттелуіне тоқтала отыра, мәтін синтаксисіндегі байланыстырушы құралдар сараланады. Жұмыста мәтінді байланыстырушы дейксистік, анафоралық, катафоралық байланыс құралдары сөз болады. Аталған мәтінді байланыстырушы құралдардың қолданысына қазақ жазушыларының шығармаларынан мысалдар келтірілген. Тілдік материалдар негізінде мәтін синтаксисіндегі дейксистік байланыс құралдары нақты мысалдармен анықталып, дәлелденеді. Мәтін ішіндегі анафоралық байланыс құралдарының түр-түрі анықталады. Сондай-ақ мәтін синтаксисіндегі катафоралық байланыс құралдары да сарапқа салынған. Сілтеу есімдіктерінің сөзді, сөз тіркестерін, сөйлем мүшелерін, предикаттарды, сөйлемдерді, синтаксистік тұтастықтарды, сілтей отыра мәтіндерді байланыстыратын тілдік құралдар рет-ретімен дәлелді мысалдарымен анықталады.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мейірманова, Г. і Кенжеғұлова , Ф. 2021. МӘТІН СИНТАКСИСІНДЕГІ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ ҚҰРАЛДАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 136–143. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.23.