“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасында айтылған іргелі мәселелердің ішінде білім мен ғылымның озық үлгілерін зерттеуге айырықша мән беріледі. Осы бағытта еліміздегі білім мен ғылымның көкжиегін кеңейтіп, тіл ғылымы саласында талмай еңбек еткен қоғам қайраткерлері мен ғалым - ұстаздардың еңбектерін зерделеу интеллектуал ұрпақ тәрбиесіне игі әсер етеді.
Қазақстандағы жоғары мектептің дамуына, білім жүйесі мен оқу процесінің жетілуіне орасан еңбек сіңірген атақты ғалым, аса көрнекті тілші, ұлағатты ұстаз – филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжолов. Ол – қазақ елінің тілі мен ділінің, болашақ ұрпақтың білімі мен білігінің қалыптасуына зор үлес қосқан тұғырлы тұлға.
Мақалада тілшінің “Қазақ тілі теориясының негіздері” атты ғылыми жинағы талданып, еңбектің қазіргі білім беру үдерісіндегі өзектілігі сөз болады.