Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы

РЕСМИ-ІСКЕРИ КЛИШЕ (қазақ тілі материалы бойынша)

Жарияланған July 2021

242

127

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

M. Мамбетова

доцент м.а., ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Т.Н. Калбирова

докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы Қазақстан.

Аңдатпа

Бұл жұмыста тілде дайын қолданылатын бірліктерге жататын клише ұғымының тілдік табиғаты, оның ішінде арнайы қазақ ресми-іскери клише тұлғаларының семантикасы мен қызметі қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты ресми-іскери клишелерінің семантикалық, құрылымдық ерекшеліктерін анықтай отырып, оларды оқыту үдерісінде дұрыс қолдану жолдарын ұсыну. Зерттеу нәтижесінде мынадай қорытындылар жасалды: қазақ ресми-іскери клишелері тақырыбы шектеулі: тікелей қоғамдағы әкімшілік-басқару, заңдық-құқықтық, дипломатия, іс жүргізу салаларында туындайды; ойды дәл әрі нақты жеткізуге жағдай жасайды; ықшамдылық пен үнемділікті жүзеге асырады; құжатты бір ізге түсіреді; хабарлау, уәж айту, бұйыру, өтіну секілді негізгі мағыналарды береді; құрамы көбіне сөз тіркесі, кейде сөйлем деңгейінде көрінеді. Ресми-іскери клишелерінің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктерін айқындау арқылы дайын тілдік формулалар сөздігін құрастырып, қазақ ресми-іскери тілін оқытуда қолдану ұсынылады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Mambetova, M. і Kalbyrova, T. 2021. РЕСМИ-ІСКЕРИ КЛИШЕ (қазақ тілі материалы бойынша). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы. 1, 1(75) (Лип 2021), 104–110. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7804.18.